Домой Новости Ауа райы: Еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Ауа райы: Еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

20 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы: Еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Көрнекі фото: zhalagash-zharshysy.kz

Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады. Күндіз Алматы облысы Алакөл көлі маңында жел 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі.

comments powered by HyperComments