Домой Новости Алматыда Саин көшесі үш шақырымға ұзарады

Алматыда Саин көшесі үш шақырымға ұзарады

Алматыда Саин көшесі 3 шақырымға ұзарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап. Жолды ұзарту жұмыстары Рысқұлов даңғылынан бастап Ақын Сараға дейін жүргізіледі. Жаңартылған аймақ қала маңының солтүстік бөлігі мен мегаполистің негізгі магистральдарын байланыстырады. Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері құрылыс жұмыстарын қаржы мәселесі шешілгеннен кейін бірден бастайтынын мәлімдеп отыр. Қазіргі уақытта құрылысшылар Назарбаев, Райымбек және Жансүгіров даңғылындағы жаңарту жұмыстарын аяқтап жатыр. Аймақты белгіленген уақытынан ертерек, яғни 2018 жылдың қараша айында тапсыру жоспарланған. «Назарбаев даңғылын пайдалануға рұқсат берілгеннен кейін көлік жүктемесі 20 пайызға төмендейді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қаланың солтүстік бөлігін орталыққа жалғайтын іргелес басты көшелерінде болатын кептелістер айтарлықтай азаяды», — деп мәлімдеді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ернұр Абжахан. Ірі құрылыс жұмыстары Абай даңғылында да жүргізіледі екен. Келесі жылы батыс бағытта, сондай-ақ ауыр техника жұмыс істейтін Хмельницкий көшесінің аймақ жұмыстары да аяқталады деп жоспарланып отыр. Құрылыста мердігерлер сейсмикалылықты және ауыр жүктемені ескере отырып, еуропалық технологияларды пайдаланған. «Мұнда ортотропты табақша мен эстакада қолданылған. Еуропалық «Тенсар» технологиясының әдісі ескеріле отырып қолданылған. Бұл жобаның құнын едәуір азайтады, ал конструкция өзінің көтеру қабілетін жоғалтпайды», — дейді мердігерлік ұйымның жетекші инженері Ермек Ниязбаев.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-sain-koshes-ush-shakyiryimga-uzaradyi-291868/

comments powered by HyperComments