Домой Новости Ақтөбеде орамал таққан үш оқушының ата-анасы қамауға алынды

Ақтөбеде орамал таққан үш оқушының ата-анасы қамауға алынды

Ақтөбе облысында мектепте сабақ кезінде қыздарынан орамалды шешуге қарсы болған үш ер адам әкімшілік қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтөбе мамандандырылған әкімшілік соты мектеп формасы ережесін сақтамау да қоғамдық тәртіпті бұзумен тең деп бағалады. Ереже бұзған екі ер адам — үш тәулікке, ал біреуі — бес тәулікке қамалады.  «2018 жылы 14 қыркүйекте Ақтөбеде мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша үш ер адамға қатысты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сот ісі қаралды. Сот шешімімен ереже бұзушылар қамауға алу туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылды: екі ер адам — үш тәулікке, ал біреуі — бес тәулікке қамалады», — делінген облыстық сот баспасөз қызметіндегілер.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/aktobede-oramal-takkan-ush-okushyinyin-ata-anasyi-kamauga-292107/

comments powered by HyperComments