Домой Новости АҚШ-та жойқын дауылды ескертетін елес видеоға түсіп қалды (видео)

АҚШ-та жойқын дауылды ескертетін елес видеоға түсіп қалды (видео)

АҚШ-тағы Флоренс дауылы туралы репортаж түсіріп жатқан журналистер камерасына «Сұр адамның» елесі түсіп қалған. Ол туралы жергілікті тұрғындар 1822 жылдан бері естіп келген деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: yaplakal.com

Көрнекі фото: yaplakal.com

Бейнежазбадан жағажайда елес адамның жүргенін байқауға болады. Тұрғындар оны «Сұр адам» деп атап кеткен көрінеді. Өңірде тіпті, оған қатысты аңыз да тараған.

Ел аузындағы әңгіме бойынша, елес қатты дауыл немесе тасқын болардың алдында көрінеді. Оны байқаған адам өзін және дүние сүлкін құтқара алады деп сенеді.

Аңызға енген елес XIX ғасырда өмір сүрген жас теңізші екен. Ол жүзіп келген соң, қалыңдығымен некелесуге бармақ болған. Алайда ауа райы күрт бұзылып, жігіт мерт болады.

Біраз уақыт өткен соң азаматтың елесі сүйіктісіне көрініп, оған қатты дауыл тұратынын, бұл жерден тез арада кету керектігін ескеркен. Бойжеткен оған құлақ асып, ата-анасын уақытша басқа қалада тұруға көндіреді.

Ал қайтып келгенде аралда дауыл болып, көптеген ғимараттың құлағанын байқайды. Дегенмен олардың үйі ғажайыптың күшімен желге дес бермей, қаз-қалпында қалыпты.

comments powered by HyperComments