Домой Новости Жомарт жанның қолынан пәтер алған ақтаулық ана көз жасын тоқтата алмады (фото)

Жомарт жанның қолынан пәтер алған ақтаулық ана көз жасын тоқтата алмады (фото)

Есімін атамауды жөн санаған кәсіпкер Ақтаудағы жалғызбасты ана Гүлшат Әбиеваға пәтер сыйлады. Төрт баланы жалғыз бағып отырған ана үшін бұл нағыз тосынсый болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы inaktau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көпбалалы ана. Фото: inaktau.kz

Көпбалалы ана. Фото: inaktau.kz

Төрт баласының екеуі ауыр дертке душар болған Әбиева Ақтауға Түркіменстаннан көшіп келген. Күйеуі төрт балаға қамқор болудан бас тартып, қашып кетіпті.

Үш қызы мен бір ұлын аяқтан тұрғызу үшін күн-түн демей жұмыс істеп жүрген ана пәтер таппай әбден сабылады. Бұл туралы естіген меценат көпбалалы анаға Жетібай ауылынан екі бөлмелі пәтерді сыйға тартты.

Көпбалалы ана. Фото: inaktau.kz

Көпбалалы ана. Фото: inaktau.kz

«Біз онымен жаңа пәтерге келгенде, ол көз жасын тоқтата алмады. Балаларында үйі болатынына сене алмай, біраз жылады», — дейді Маңғыстау облысы жергілікті коммуникация қызметінің басшысы Айсұлу Дүтбаева.

Жомарт азамат мұнымен тоқтамай, тағы бір төрт баласы бар анаға Ақтаудан пәтер сыйламақ.

comments powered by HyperComments