Домой Новости Жамбыл облысында рельстен шығып кеткен вагондардан ақау табылды

Жамбыл облысында рельстен шығып кеткен вагондардан ақау табылды

Жамбыл облысында жүк вагондарының не себепті рельстен шығып кеткені белгілі болды, — деп мәлімдейді Sputnik Қазақстан  

Жолаушылар пойызы

«Қазақстан Темір Жолы» мәлімдегендей, Сарышаған-Шығанақ учаскесіндегі пойыз апаты вагондардың бірінің бүйір рамасы сынуы салдарынан болған.

Анықталғандай, тоғыз жыл бұрын өндірістен шыққан бүйір рамада ақау табылды — Азовэлектросталь» кәсіпорнында раманы құю кезінде кемшілік жіберіліпті».

Ұлттық компания вагонның иесі — «Исткомтранс» ЖШС-ін шығынды өтеуге міндеттеді.

ҚТЖ-ның хабарлауынша, аталған зауыттан шыққан бүйір рамалардың сынуы салдарынан соңғы сегіз жылда 14 рет вагондар рельстен шығып кеткен.

Естеріңізге сала кетсек, 31 шілдеде Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Апат салдарынан жолаушылар пойыздарының кестесі өзгеріп кеткен. Кей қазақстандықтар вокзалдағы перрон мен орындықтарға жатып, пойыз күтуге мәжбүр болды.

comments powered by HyperComments