Домой Новости Қызылордада шенеунік жұмыс орнында үш сағат болмағандықтан жұмыстан қуылды

Қызылордада шенеунік жұмыс орнында үш сағат болмағандықтан жұмыстан қуылды

Қызылорда облысында жылдың басынан бері бес мемлекеттік қызметкер теріс себептер бойынша қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз мәслихаты барысында департамент жетекшісі Абзал Мұхимов сыбайлас жемқорлықпен екі қызметкер, тәртiптiк құқық бұзушылықпен екі қызметкер, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіргені үшін, тағы біреуі жұмыс орнында себепсіз үш сағат бойы жоқ болғандықтан босатылғанын айтты.

Алдыңғы жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандардың саны 3,5 есеге төмендеген.  Жылдың басынан бері мемлекеттік қызметтен өз еркімен 48 адам кетіп, оның ішінде шенеуніктердің басшылық құрамынан 14 адам кетті. Облыстағы мемлекеттік қызметкерлер саны 3 737 болса, ал қызметкерлердің нақты саны — 3 588.

comments powered by HyperComments