Домой Новости Тоқаев Венецияға айналған Астанаға қатысты шұғыл шара қабылдауды талап етті

Тоқаев Венецияға айналған Астанаға қатысты шұғыл шара қабылдауды талап етті

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңбыр жауса, Венециға айналатын Астанаға қатысты шара қабылдауды талап етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: twitter

Фото: twitter

Сенат төрағасының сөзінше, Қазақстан астанасы жаңбырдан бірінші мәрте жапа шегіп отырған жоқ. Бұл мәселені елордананың 20 жылдығына дейін шешуге болатын еді деген ойда.

«Президенттің тапсырмасына қарамастан Астана нөсер жауын мен табиғаттың басқа да апаттарына дайын емес. Бұдан елорда тұрғындары зардап шегуіп, оның халықаралық беделіне нұқсан келуде. Бұл мәселені Астананың 20 жылдығына дейін көп уақыт бұрын шешуге болатын еді. Сенаторлар шұғыл түрде шара қабылдауды талап етеді», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Kassym-JomartTokayev@TokayevKZ

Несмотря на поручения Президента, Астана хронически не готова к сильным дождям и другим проявлениям природной стихии. Страдают и жители столицы, и ее международная репутация. Эту проблему можно было решить задолго до 20-летия столицы. Сенаторы потребуют принять срочные меры.

comments powered by HyperComments