Домой Новости Теміртау балабақшасында тәрбиеші кішкентай қызды тұншықтырып ұйықтатпақ болған

Теміртау балабақшасында тәрбиеші кішкентай қызды тұншықтырып ұйықтатпақ болған

Теміртаудағы балабақшалардың бірінде 50 жастағы тәрбиеші ұйқысы келмеген қызды тұншықтырып тыныштандырмақ болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Оқыс оқиғаның видеосынан баланы тыныштандыру үшін көрпемен тұншықтырған тәрбиешіні байқауға болады.

Видео әлеуметтік желіден аталмыш балабақшаға баласын беретін әйел байқаған.

«Мен оқиға орны мен әйелді бірден таныдым. Өйткені видеода өзімнің ұлым түсіп қалған. Кішкентай қызды ерсі әрекетпен жұбатпақ болған әйелді де тани кеттім», — дейді теміртаулық Венера.

Қазіргі таңда күдіктінің ұсталған және сот-медициналық сараптама тағайындалып, іспен тергеушілер айналысып жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, оқиға биыл мамыр айында болған екен. Алайда, видео авторы оны әлеуметтік желіге тек 27 тамызда жүктеген. Видеороликті көре салысымен сәбидің ата-анасы полицияға арыз жазды.

comments powered by HyperComments