Домой Новости Танымал челленджге қатысқандар қандай жазаға тартылмақ?

Танымал челленджге қатысқандар қандай жазаға тартылмақ?

Құқық қорғау органдары желіде танымал болып кеткен Kiki Challenge флешмобының заңды не заңсыз екенін осымен бірнеше ай жүзінде тексеріп жатыр. Оның нәтижесінде, енді атышулы челленджге қатысқандар айыппұл ғана төлеп қоймай, сондай-ақ үш күнге темір торға тоғытылуы да мүмкін деп жазады 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Kiki Challenge аздаған уақыт аралығында Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзі елдерінде асқан танымалдылыққа ие болды.

Тәртіп сақшылары атышулы флешмоб арқасында жұлдыз юолғысы келген азаматтарға қарсы қандай шара қолдану керектігін ұзақ ойланды.

Бүгінгі күні жүріп бара жатқан көліктен шыға салып билеп, заң бұзғандардың қандай жазаға тартылуы мүмкін екені анықталды.

Танымал челленджге қатысқандар айыппұл төлеп, үш күнге темір торға тоғытылып немесе жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Заң бұзушыларды анықтауға қиынға соқпайтынын анық. Өйткені өз жетістіктерін олар өз парақшаларына жүктеп тұрады.

comments powered by HyperComments