Домой Новости Үстемақы жаңартылған бағдарлама бойынша білім беретін және аттестациядан өткен мұғалімдерге қосылады

Үстемақы жаңартылған бағдарлама бойынша білім беретін және аттестациядан өткен мұғалімдерге қосылады

Қазір Қазақстанда жаңартылған бағдарламамен сабақ беретін 205 мың мұғалімнің жалақысы 30 процентке көбейген. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Ақша
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында вице-министр қазақстандық мұғалімдердің орташа айлығы қанша екенін айтуға қиналды. Себебі ұстаздардың жалақысын көтеру деген кезде, екі мәселеге мән берген жөн дейді.

«Біріншісі, жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс істейтін мұғалімдерге жалақы көтеру. Қазір 205 мың мұғалімнің жалақысына 30 процент үстемақы қосылды. Тиісті қаржы республикалық бюджеттен бөлініп, жергілікті бюджеттерге берілді. Екіншісі, мұғалімдердің санатына қарай төленетін үстемақы. Сіздер білесіздер, биыл жаңа аттестациялау жүйесі енгізілді. Соған сәйкес, аттестацияны сәтті тапсырған ұстаздарға санатына байланысты үстемақы қосылады. Сондықтан қазір мұғалімдердің орташа айлығы қанша екенін айту қиын», — деп түсіндірді ол.

Аймағамбетовтің айтуынша, ауылда жұмыс істейтін мұғалімдерге қосымша тағы 25 процент үстемақы төленеді.

«Егер біз бұрын, үстемақы 17 мың десек, енді қазір жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беретіндерге 30 процент үстемақы төленеді. Ол мұғалімнің санаты әртүрлі болуы мүмкін, тиісінше жалақыға қосылатын 30 процент те әртүрлі болады. Ауылдық елді мекенде жұмыс істесе, оған тағы 25 поцент қосылады. Сондықтан бұл жерде шарттары әртүрлі», — деді вице-министр.

comments powered by HyperComments