Домой Новости Шымкент халқы қала әкімдігіне 10 мың шағым түсірді

Шымкент халқы қала әкімдігіне 10 мың шағым түсірді

Қала әкімдігі түскен шағымдарды ескере отырып, мәселелерді шешу бойынша жол картасын әзірлейді

 Шымкентте «Біздің жұмысымызды бағалаңыз» науқаны ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 

әйелдер

Сауалнама қорытындысы бойынша жол картасының жоспарын дайындау көзделген. Науқан нәтижелеріне сүйенсек, түскен шағымның дені қоғамдық көлік қызметі мен жолдардың сапасы туралы екен. Бұл мәселелер жөнінде 2074 азамат пікірін білдірді.

Шымкенттегі мемлекеттік органдар Түркістанға көшіп жатыр

Тұрғындар қоғамдық көлік жетіспеушілігін, қызмет көрсету сапасының төмендігін айтып шағымданып отыр. Тағы бір өзекті мәселе — жол қалташалары мен павильондардың жеткіліксіздігі. Жергілікті халық кей қала көшелеріне қиыршық тас немесе асфальт төсеуді сұрайды.

Бас сәулетші Шымкент қаласын қалай көркейту керектігін айтты

Сауалнама қорытындысы бойынша екінші өзекті мәселе — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы. Бұл сала бойынша 1995 шағым қаралды. Қала тұрғындарының негізгі уайымы коммуналдық жәрдемақылардың жоқтығы, аула аумақтарын абаттандыру және қоқыс шығару туралы болып шықты. Үшінші кезектегі проблема — жергілікті полиция қызметі. Оған қатысты 1328 шағым түсті.

Шымкент

Қала тұрғындары жер мәселесіне де алаңдаушылық білдірді. Дәлірек айтсақ, 180 азамат жер телімдерін бөлу және заңдастыруға байланысты сөз қозғап, мемлекет мұқтаждығына алынған жер телімдері үшін берілетін өтемақы сомасының төмен екенін сынға алған.

Қорыта келгенде, сауалнама барысында қаладағы ең өткір мәселелер бойынша барлығы 10 мыңға жуық шағым қабылданған.

Шымкентте темір тұлпар иелерінің куәлігінде жаңа әріп пайда болды

comments powered by HyperComments