Домой Новости Шұғыл: Елдос Сметов Джакартада ауруханаға түсіп қалды

Шұғыл: Елдос Сметов Джакартада ауруханаға түсіп қалды

Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Джакартада ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескрету санымен ұтылған болатын.

Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.

«Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар», — дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева.

Айта кетейік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ.

comments powered by HyperComments