Домой Новости Сайрагүлдің босап шыққанына қуанған жаркенттіктер той жасады (фото, видео)

Сайрагүлдің босап шыққанына қуанған жаркенттіктер той жасады (фото, видео)

Жаркентте өткен сот отырысында судья «Қазақстан шекарасынан заңсыз өтті» деген айып тағылған Сайрагүл Сауытбайды сот залынан босатып, алты айға шартты түрде жазалуға және пробациялық бақылауға алуға үкім еткен болатын. Бұл қуанышты жаңалықтан соң жаркенттіктер Сайрагүлге той жасап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Сайрагүлдің қорғаушысы Абзал Құспанға алғыс айтқан сәтін Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде бөлісті.

Сондай-ақ бұл қуанышты күннен қалған естелік суреттерді танымал тележүргізуші Сәуле Әбединова да өз парақшасына салып қойды.

Айта кетейік, үкімге дейінгі жарыссөзде прокурор Арзыгүл Имярова Сайрагүл Сауытбайдың балалары Қазақстан азаматы екендігін ескеріп балаларымен кездесуді қамтамасыз ету қажет екендігін айтқан және оны Қылмыстық Кодекстің 392 бабының 1 тармағы (мемлекеттік шекараны заңсыз қасақана кесіп өту) бойынша кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығынан айыру, бірақ оны шартты жазаға ауыстыру және алты айға пробациялық бақылауға алу жазасына кесуді және сот залынан босатуды сұраған.

comments powered by HyperComments