Домой Новости Ресейлік мамандар теңгенің долларға шаққанда 400-ге дейін әлсірейтінін болжады

Ресейлік мамандар теңгенің долларға шаққанда 400-ге дейін әлсірейтінін болжады

Ресейлік сарапшылар теңге бағамы долларына 400-ге дейін әлсірейді деген болжам жасауда. Бұл туралы NUR.KZ  хабарлайды

Теңге. Көрнекі фото: Алау

Сарапшылар Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасы жақсара қоймайтынын алға тартуда. Салдарынан АҚШ тарапынан санкциялар жүргізіліп, бұл өз алдына рубль мен теңге бағамына кері әсер етеді дейді мамандар.

Ресейлік сарапшылардың сөзіне сенсек, теңге бағамы долларына400 теңгеге дейін жетіп, өз құнын жоғалтуы әбден мүмкін.

Айта кетсек, қазақстандық сарапшылар, керісінше теңге бағамы нығаятынын болжаған болатын.

comments powered by HyperComments