Домой Новости Ресейдегі өрттен 48 адамды құтқарған семейлік азамат миллионер атанды

Ресейдегі өрттен 48 адамды құтқарған семейлік азамат миллионер атанды

Ресейдің Алтай өлкесінде «Семей-Новосібір» бағытындағы қызыл жалынға оранған автобустан 48 адамды құтқарып қалған Ержан Амархановқа семейлік кәсіпкер бір миллион теңге табыс етті деп хабарлайды AltayNews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ыяияыуви

Фото: AltayNews.kz

Ержанға бүкіл қазақстандықтар ерекше құрмет көрсетіп, ерлігін жоғары бағалауда.

Оның жасаған батырлығы ешкімді де бей-жай қалдырмаған. Тіпті, ресейліктер оған қоңырау шалып, су жаңа автокөліктің кілтін сыйға тартатындарын уәде еткен екен.

Осы ретте, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов те бейбіт күннің батырымен кездесті.

Кездесу барысында қала басшысы өрт кезінде ерлік танытқаны үшін Ержанға зор ризашылығын білдірді.

Көлік алуға деп жинаған қомақты қаржысының жанып кетуіне байланысты, жергілікті кәсіпкер, «Гордорстрой» ЖШС директоры Бауыржан Қайрамбаев 1 миллион теңгені өз қолымен Ержан Амархановқа табыс етті.

comments powered by HyperComments