Домой Новости «Реал Мадрид» капитаны командадан кетіп қалған Роналдуды сынап тастады

«Реал Мадрид» капитаны командадан кетіп қалған Роналдуды сынап тастады

Мадридтік клубтың капитаны «Ювентуске» кетіп қалған Криштиану Роналдуды сынап тастады. Серхио Рамос бұрынғы командаласының «Реал» ішіндегі жағдайдың нашар екенін айтқанына қарсы шықты деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: getty Images

Фото: getty Images

«Біздің клуб ішінде отбасылық жағдай орнаған. Сол себепті Роналдудың не айтқысы келгенін түсіне алар емеспін. Біз көптеген жеңістерге бірге ұйыған отбасыдай қол жеткіздік.

Роналду да осы жанұяның елеулі мүшесі болған. Ешкім клубтан жоғары бола алмайды. Не болса да «Реал» өмір сүруді жалғастырады. Ал кету шешімін Криштианудың өзі қабылдаған болатын», — деп қатты айтты капитан.

Серхио Рамостың айтуынша, ешқандай ойыншы өзін клубтан жоғары санамау керек.

«Әрине Роналдуды жоғалту бізге ауыр тиді. Алайда, бұл футбол. Өмір жалғасады. Біз әлі де жеңістерге ұмтылу ұстанымымыздан тайынбаймыз», — деп қайырды Рамос.

comments powered by HyperComments