Домой Новости Құрбандыққа шалынған малдың қай ағзаларын жеуге болмайды?

Құрбандыққа шалынған малдың қай ағзаларын жеуге болмайды?

Ертең басталатын Құрбан айт мерекесіне барша мұсылман қауымы дайындалып жатыр. Ал осы мейрамда құрбандыққа шалынатын малдың қай ағзаларын жеуге болмайтынын бірі білсе, бірі білмес. Ендеше, жеуге тыйым салынған ағзалар туралы ihsan.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ihsan.kz

Фото: ihsan.kz

Негізінен, адам баласына еті адал малдардың аққан қанын, дорба бездерін, аталық-аналық мүшелері мен қуығын, сондай-ақ, өтін жеуге мүлде тыйым салынған.

Себебі, Алла Тағала қасиетті Құранда: «..Жақсы нәрселерді олар үшін адал етіп, жек көрінішті жаман нәрселерді харам етті», – деген.

Бұл Құдайдың таза азықпен тамақтанғанымызды бұйырғанын білдіріп тұр. Ал аталған ағзалар адамдар үшін өте жиіркенішті нәрселер болып табылады. Сол себепті, оларды жеу харам болып саналады.

comments powered by HyperComments