Домой Новости Қостанайда рэп оқып жүрген әйгілі Рой Джонсқа жанкүйерлері таң қалды

Қостанайда рэп оқып жүрген әйгілі Рой Джонсқа жанкүйерлері таң қалды

Рудный қаласында өтіп жатқан ERG II Спартакиадасында кіші Рой Джонс стадионда рэп оқып, жиналған халықты таң қалдырған деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Спартакиада қонақтарының алдында рэп орындаған спортшы халықты өз тартымдылығымен, даусымен және әртістік қабілетімен баурап алған екен.

«»Спартакиада дамытады әрі адамды біріктіреді!» — бұл сіздердің спартакиадаларыңыздың ұраны. Мен де осыған сенемін. Рудныйлықтармен өз тәжірибеме сәйкес шеберлік сағаттарын өткізетін боламын», — деді чемпион.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Естеріңізге сала кетейік, кәсіби рингте соңғы ойынын өткізген Рой Джонс енді шығармашылыққа бет бұрмақ. Оның бұл саланың да үздігі атануы әбден мүмкін.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

«Бұл Қазақстанға үшінші рет келуім. Қазіргі уақытта музыкамен айналысып жүрмін, өзімнің промоутерлік компаниям да бар. Бүгінде Пенсакол атты кішігірім қалада тұрамын. Осылайша, мен кішкентай қаладағы таланттардың бойына сенім ұялатқым келеді», — деді Джонс.

comments powered by HyperComments