Домой Новости Қос қазақ балуаны Азия ойындарында Қытайдың намысын қорғамақшы

Қос қазақ балуаны Азия ойындарында Қытайдың намысын қорғамақшы

18 тамыз күні Индонезия астанасы Джакартада ХVIII Жазғы Азия ойындарының жалауы желбірейді. Аталған додада спортшылар 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды деп жазады prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Қос қазақ балуаны Азия ойындарында Қытайдың намысын қорғамақшы

Фото: Prosports.kz

Сары құрлықтың әр түкпірінен келген спортшылар өз елінің абыройын асқақтату үшін барын салатын болады.

Өкініштісі, кейбір қазақ ұландары өзге елдің атынан бәсекеге қатысады.

Жақында Джакартаға баратын қытайлық спортшылар тізімі жарияланған болатын. Қытайдың күрес құрамасының сапында екі бірдей қазақ балуаны бар екені белгілі болды.

Еркін күрес түрінен 65 келі салмақ дәрежесінде белдесетін Ерланбек Кәтейұлы еліміз жанкүйерлеріне көптен бері таныс. Қытай құрамасының қатарында Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысқан.

Өз салмағында Қытайда қарсылас шыдатпай жүрген Ерланбек Джакарта төрінде де аталған елдің туы астында өнер көрсетпек.

Қазақстандық күрес жанкүйерлері үшін жаңа есім деп Уәлихан Серікұлын айтуға болады. Қытайдың Шынжаң өлкесі, Тарбағатай аймағында туып-өскен Уәлихан грек-рим күресінен 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Өткен жылы Қытай спартакиадасында қола медаль алып көзге түскен.

Содан бері қытайлық бапкерлердің көңілінен шығып, Индонезияда бақ сынау мүмкіндігіне ие болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылғы жазғы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қалсында өтеді.

comments powered by HyperComments