Домой Новости «Ол сондай жиіркенішті»: Нағима Есқалиева Дильназ Ахмадиева жайлы өз пікірін айтты (видео)

«Ол сондай жиіркенішті»: Нағима Есқалиева Дильназ Ахмадиева жайлы өз пікірін айтты (видео)

Отандық әнші Нағима Есқалиева «Если честно»бағдарламасының жүргізушісі Тимур Балымбетовке ашық сұхбат берді. Бұл кездесуде ол Дильназ Ахмадиевамен ара-қатынасы туралы да айта кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

X-Factor бағдарламасының жетінші кезеңінде әділ-қазы алқасы «алтын құрам»-Нағима Есқалиева, Дильназ Ахмадиева және Нұрберген Махамбетов болғаны белгілі.

Осы орайда, бағдарлама жүргізушісі Нағима Хабдулқызы мен Дильназ Ахмадиеваның ара-қатынасы туралы білгісі келетінін айтты.

Бұл сұраққа ойланбастан жауап берген әнші Дильназ Ахмадиеваның Қазақстандағы ең мықты орындаушылардың бірі екенін жеткізді.

«Ол сондай жиіркенішті, бірақ оған құқы бар. Өйткені, Дильназ өте сауатты, жақсы әнші. Иә, қақтығыстар болып тұрады. Алайда , ол таза импровизация.

«Дильназ Ахмадиевамен қатар маған Мақпал Исабекова ұнайды. Ол бұрын «онша емес» болса да, қазір сенімді қадамдар жасап жүр, беделі де артқан. Сондай-ақ, «КешYou»- дің барлық қыздары менің көңілімнен шығады», — деді әнші.

Бағдарлама көрермендері Нағима Есқалиева мен бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетовке жақсы пікірлерін жаудырды.

comments powered by HyperComments