Домой Новости Назарбаев: Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы екі есе өсті

Назарбаев: Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы екі есе өсті

Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Әлік Шпекбаевпен кездесу өткізді. Оның барысында біраз күрделі мәселелер талқыланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Кездесу барысында Әлік Шпекбаев елбасына орындалған бірқатар тапсырмаларды тізіп, агенттіктің алдағы уақытқа қойған жоспарларын айта кетті.

«Бүгінгі күні екі министрлік пен әкімшілік аясында пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Оның аясында атаулы органдар қызметкерлерінің жалақысы екі есе өсті. Бұл жоба жұмысқа кәсіби жоғары мамандарды қабылдауға мүмкіндік береді. Оны болашақта барлық мемлекеттік органдарда қолдану керек», — деп айтты агенттік төрағасы.

Оған қоса Шпекбаев жемқорлыққа қарсы күрес шараларының күшейтілуі жөнінде есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев агенттікке қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

comments powered by HyperComments