Домой Новости Назарбаев барлық полицейлерді жұмыстан қуып, орнына заңгерлерді алуды ұсынды

Назарбаев барлық полицейлерді жұмыстан қуып, орнына заңгерлерді алуды ұсынды

Атырау облысына іссапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаев полицейлер арасындағы реформаны талқыға алды. Бұл туралыNUR.KZ порталы «Мой Город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Грузияда полицейлердің бәрін жұмысынан босатып, орнына сауатты заңгерлерді алғанын сөз еткен.

Президент біздің елге де осындай шара қолдану туралы ойланып жүргенін жасырмады.

«Бәлкім, солай полицейлерді жұмысынан шығарып, орнына заңгерлерді алуға тура келетін шығар», — деді Назарбаев.

comments powered by HyperComments