Домой Новости Месси мен Роналду төрт жыл бойы алып келген атақ Модричке бұйырды

Месси мен Роналду төрт жыл бойы алып келген атақ Модричке бұйырды

Ðîññèÿ. Ìîñêâà. Èãðîê ñáîðíîé Õîðâàòèè Ëóêà Ìîäðè÷ âî âðåìÿ òðåíèðîâêè êîìàíäû íà ñòàäèîíå "Ëóæíèêè" ïåðåä ôèíàëüíûì ìàò÷åì ÷åìïèîíàòà ìèðà ïî ôóòáîëó - 2018 ïðîòèâ ñáîðíîé êîìàíäû Ôðàíöèè. Ñåðãåé Áîáûëåâ/ÒÀÑÑ

Хорватия ұлттық құрамасы мен

 «Реал Мадрид» командасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич  2017/2018 жылғы футбол маусымындағы Еуропаның ең үздік ойыншысы атанды деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

модрич

Лука Модрич. Фото: Eurosport

Футболшы Монакода өткен Чемпиондар лигасының жеребе тастау кешінде марапатталды.

Бұл атақты төрт жыл қатарынан Месси мен Роналду алып келген еді. 

Лука өткен маусымды сәтті өткізді. Чемпиондар лигасын үшінші жыл қатарынан жеңіп алды. Сондай-ақ, Хорватия құрамасын бастап Ресейде өткен Әлем чемпионатының финалына дейін жетті.

Футболшы Еуропаның үздік ойыншысы атанып қана қоймай, үздік жартылай қорғаушы атағын да иеленді.

Өткен маусымның үздік қақпашысы атағына Кейлор Навас, үздік қорғаушы марапатына Серхио Рамос ие болды. Ал үздік шабуылшы атағына Криштиану Роналду қол жеткізді.

comments powered by HyperComments