Домой Новости Мектепке көйлек киіп келген жалғызбасты әке көпшіліктің жүрегін елжіретті

Мектепке көйлек киіп келген жалғызбасты әке көпшіліктің жүрегін елжіретті

Таиландтағы Канчанабури тұрғыны әйелі ажырасып Еуропаға кетіп қалғаннан кейін екі ұлын жалғыз өзі өсіріп келеді, — деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Сондықтан да аналар күнінде балалары сыныптастарымен бірге мерекені тойлай алуы үшін мектепке қызғылт түсті көйлек киіп келді.

Таиландта Аналар күнін 12 тамызда атап өтеді. Мереке кезінде мектепте балалар алғыс білдіру үшін аналарының алдында тізерлеп отыру керек. Жалғызбасты әке балаларының өзін бөлек сезінбеуі үшін, мектепке өзі «ана» болып келеді.

Чатчай Панутхайдың құрбысының айтуынша, ер адамның бұл қылығы өзге ата-аналарға ұнаған. Олар жігітті жан-жақтан суретке түсірген.

«Оның балалары әкесінің неге көйлек киіп алғанын түсінбеген де болар», — деп жазды желі қолданушысы.

Сонымен қатар әкені «Жыл анасы» деп атады.

comments powered by HyperComments