Домой Новости Макгрегор-Нұрмағамедов: Көптен күткен жекпе-жектің күні белгіленді

Макгрегор-Нұрмағамедов: Көптен күткен жекпе-жектің күні белгіленді

Ережесіз жекпе-жек жанкүйерлерінің ұзақ уақыт бойы күткен үміттері ақталды. Өзара келіспеушіліктерін шеше алмай жүрген Конор Макгрегор мен Хабиб Нұрмағамедов енді сегіз жекпе-жек алаңында кездеспек деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © instagram.com/khabib_nurmagomedov

Атышулы Конор Макгрегор мен Хабиб Нұрмагамедовтың кездесуі 6 қазан күні АҚШ-тағы Лас-Вегас қаласында өтпек. Бұл туралы ережесіз жекпе-жек бірлестігінің ресми парақшасында хабарланды.

Айта кетейік, екі спортшының өзара шеше алмай жүрген мәселелері бар. Макгрегор өз командаласына тисінген Хабибтен өш алу үшін оның отырған автобусын тас-талқан еткен болатын.

Конордың қылығын заңсыз деп тапқан тәртіп сақшылары оған қатысты іс қозғап, оған тиісті жазасын берген.

Өзара өшпенділіктері әлі сақталған спортшының арасындағы жекпе-жектің тартысты болары анық.

comments powered by HyperComments