Домой Новости Маңғыстауда полицей пара алып жатқан жерінен ұсталды

Маңғыстауда полицей пара алып жатқан жерінен ұсталды

Маңғыстауда полицей пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы Қазақстаның ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

Оның айтуынша, ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаметінің қызметкерлері Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының ІІБ қызметкерін ұстаған.

ІІМ өкілінің мәліметінше, полицей кабинетінде күдіктіден оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін пара алған. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша («Пара алу») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

comments powered by HyperComments