Домой Новости Маңғыстауда халықаралық «ТENIZ-2018» оқу-жаттығуы басталды

Маңғыстауда халықаралық «ТENIZ-2018» оқу-жаттығуы басталды

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық «ТENIZ-2018» кешенді оқу-жаттығуының ашылу салтанатына қатысты.

Маңғыстауда халықаралық "ТENIZ-2018" оқу-жаттығуы басталды

Маңғыстауда халықаралық «ТENIZ-2018» оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығу Каспий маңы елдерінің мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін V саммит қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отыр. Екі күн аясында Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Түркіменстан мемлекеттерінің құтқару қызметтері оқу-жаттығу өткізіп, Каспий теңізі акваториясында сондай-ақ, Каспий маңы мемлекеттері аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуы кезінде қалай әрекет ету керектігін меңгеріп, тәжірибе алмасады.

Маңғыстауда халықаралық "ТENIZ-2018" оқу-жаттығуы басталды

Маңғыстауда халықаралық «ТENIZ-2018» оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығудың мақсаты – Каспий маңы елдері құтқару қызметтері, жағалау күзеті мен мемлекеттік мекемелердің төтенше жағдайларда бірігіп тойтарыс беру арқылы қарым-қатынасын нығайту. Сондай-ақ, көк айдынды жағалай орналасқан елдердің құтқару қызметтері арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту болып табылады.

Маңғыстауда халықаралық "ТENIZ-2018" оқу-жаттығуы басталды

Маңғыстауда халықаралық «ТENIZ-2018» оқу-жаттығуы басталды

«Маңғыстау облысында Ақтау порты мен Баутин порты қарқынды түрде дамуда. 2016 жылы Құрық портында паром кешені іске қосылды. Бұл өз кезегінде транскаспий халықаралық көлік-логистика дәлізіндегі маңызды байланыс болып табылады. Бұдан бөлек, Каспий теңізінде «Қашаған» ірі мұнай-газ кен орны бар. Бұл теңіздегі шұғыл қызметтердің рөлі ерекше екендігін айқындайды. Жыл сайын теңіз порттары арқылы 12,5 млн тонна жүк тасымалданады. Негізі басымдық мұнай, металл, бидай, контейнерлерге беріледі. Ақтау порты жүк тасымалында ерекше рөл атқарса, Баутин порты мұнай операцияларын өткізуге машықтанған. Сондықтан теңіздегі қауіпсіздік мәселесі жіті назарда болуы шарт. Біз теңізде орын алатын түрлі оқыс жағдайда бірігіп жұмыс жасап, кәсіби тұрғыда шыңдалу керекпіз», — деді шарада сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Оқу-жаттығу екі кезең бойынша өткізіледі. Алғашқы кезеңде Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Түркіменстан елдері құтқару қызметінен жасақталған командалар төтенше жағдайда қалай әрекет етуді меңгерсе, екінші кезеңде Каспий теңізінде кемелердің соқтығысуы кезінде қалай әрекет ету керек, кемеде болған өрт кезінде адамдарды құтқару, қызыл жалынмен дер кезінде күресуді, химиялық қауіпті заттарды жоюды, бұрғылау қондырғысындағы өртті жоюды және су тасқыны кезінде адамдарды құтқаруды меңгереді.

Маңғыстауда халықаралық "ТENIZ-2018" оқу-жаттығуы басталды

Маңғыстауда халықаралық «ТENIZ-2018» оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығуға 500-ден астам өрт сөндірушілер, құтқарушылар, 78 арнайы техника, БЕ-200 ұшағы, 7 тікұшақ, 4 теңіз кемесі, 7 құтқару қайығы, өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.

Сондай-ақ, екінші кезеңде құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылады.

comments powered by HyperComments