Домой Новости «Кар ситидегі» рейд: Алматыда автобазардан 5 қылмыскер ұсталды

«Кар ситидегі» рейд: Алматыда автобазардан 5 қылмыскер ұсталды

Алматыдағы Car City автобазарындағы тексеріс кезінде полициядан жасырынып жүрген 5 қылмыскер ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыдағы "Кар ситидегі" тексеріс

«Бес жедел топ 20 техникалық қызмет көрсету бекеті мен 45 авто көлікті тексерген.

Нәтижесінде, учаскелік инспектор өзгенің мүлкіне қол салған 1994 жылы туған азаматты ұстады. Аталған азамат бұған дейін де бірнеше рет сотталған болып шыққан.

Сонымен бірге, рейд кезінде 149 адам әкімшілік жазаға тартылып, олардың 126-сы жеке басты анықтау үшін ішкі істер органдарына жөнелтілді. Тексеріс кезінде ұсталғандардың 10-ы Өзбекстан азаматы екені анықталып, олардың Қазақстан көші-қон заңнамазын өрескел бұзғанын анықтады.

Бұдан өзге, рейд кезінде базарда жұмыс істеп жүрген үш жасөспірім де ұсталды. Олардың ата-анасы еліміздің өзге облыстарында тұратыны анықталды.

Олар кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығына жіберілді», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Мұндай тексерістер енді тұрақты түрде жасалып тұрады, дейді полицейлер.

Тексерістердің мақсаты — қаладағы криминогендік ахуалды жақсартып, заңбұзушылықпен айналысатын тұлғаларды анықтау және ұстау.

 

comments powered by HyperComments