Домой Новости Илья Ильиннің бұрынғы әйелі Азия ойындарында Қазақстанға жеңіс сыйлады

Илья Ильиннің бұрынғы әйелі Азия ойындарында Қазақстанға жеңіс сыйлады

Джакартада өтіп жатқан жазғы Азиада-2018 ойындарында алғашқы қазақстандық спортшылар өнер көрсетті деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото : Леди Mail.Ru

Фото : Леди Mail.Ru

Гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы екі ойында да жеңіске жеткен. Біріншісінде олар Индияны 36:19 есебімен жеңсе, Қытайды 27:26 ұпаймен сан соқтырып кетіпті.

Қытайлықтармен өткен ойында жеңіс әкелген допты Илья Ильиннің бұрынғы әйелі Наталья Ильина соққан. Ол ойынның соңғы минуттарында командасын алға шығарған екен.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен Оңтүстік Кореядан кейінгі екінші орында тұр. Ал одан кейінгі тізімді Қытай, КХДР және Үндістан елдері жалғастырған екен. Жартылай финалға ел құрамалары топта бірінші немесе екінші орынды иелену арқылы шыға алады.

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2002 жыл мен 2006 жылы Азиада ойындарында «күміс» алған. Ал 2014 жылы құрама қола жүлдеге ие болып қайтқан еді.

comments powered by HyperComments