Домой Новости Головкин мен Альварес жанжалдан кейін бетпе-бет кездесті

Головкин мен Альварес жанжалдан кейін бетпе-бет кездесті

Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес қыркүйектегі матч-реванш қарсаңында қандай да бір біріккен медиажобалардан бас тартқанына қарамастан, бетпе-бет кездесті, — деп хабарлайды Vesti.kz. TMZ Sports мәліметінше, олар шілдеде кездескен, боксшылар алдағы жекпе-жегінің проморолигін түсіру шарасына қатысқан.  «Кездесу шиеленіскен жағдайда өтті. Боксшылар бір бөлмеде болып, бір-біріне қарсы соққы жасауы қажет болды. Олар «шынайы жаугершілікті» көрсетіп, түсірілім алаңында трэштокинг жасады», — деп жазады басылым.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі өткен жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен. 12 раундтың қорытындысы бойынша олар тең тарқасқан. Тараптар қызу талқыдан кейін 15 қыркүйекте қайтадан кездесу ұйымдастыру туралы шешімге келді.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/boxing/golovkin-men-alvares-janjaldan-keyn-betpe-bet-kezdest-290932/

comments powered by HyperComments