Домой Новости Ешкімге керек емес: Саммиттен кейін бір аптада Ақтау қандай күйге түсті? (видео)

Ешкімге керек емес: Саммиттен кейін бір аптада Ақтау қандай күйге түсті? (видео)

Ақтау тұрғыны бес президенттің басын қосқан саммиттен кейін Ақтаудың бір апта ішінде қандай күйге түскенін көрсетті. Ер адам қалада сусыз қурауға шақ қалған көшеттер үшін алаңдауда. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Ладаға» сілтеме жасап хабарлайды.

Көшет. Фото: Лада

Көшет. Фото: Лада

Жергілікті тұрғын басылымға бұл жайттың дәлелі ретінде ролик жолдаған. Ер адамның сөзіне сенсек, мемлекет басшылары келердің алдында отырғызылған көшеттер қурауға шақ қалған.

«Топырақ мүлде құрғақ. Барлық ағаштар ешкімге керегі болмай, қурап қалды», — дейді ер адам.

Мұны көрген желі қолданушылары сын-пікірлерін жаудыруда.

«Ақшаны ауаға шашты«, «Саммит деген жақсы, әрине, алайда мемлекет қаражатына отырғызылған ағаштарды сақтамағаны дұрыс болмады», — дейді пікір қалдырушылар.

comments powered by HyperComments