Домой Новости Даниал Ахметов: Балалар ата-ананың құшағынан алыстамауы керек

Даниал Ахметов: Балалар ата-ананың құшағынан алыстамауы керек

Жеткіншек ұрпақты жетелі етіп өсіргің келсе, мектеп-интернатын салмау керек. Бұл тұжырымды ШҚО әкімі Даниал Ахметов Катонқарағай ауданына барған жұмыс сапарында айтты деп хабарлайды AltayNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ахмаа

Даниал Ахметов. Фото: kaz.altaynews.kz

«Мектеп жасындағы балалар ата-ананың құшағынан алыстамауы керек. Ата-ананың мейірін сезініп өскен ұрпақ жаман болмайды. Интернат салу кеңес үкіметі кезінен қалған дүние. Қазір мектептерге барлық жағдай жасалған. Автобустар бар», -деді өңір басшысы.

Бұл сөздің шығыуына Приморск ауылында салынып жатқан балаларды сауықтыру лагерін көзбен көрген облыс басшысына аудан әкімі Ахметқали Нұрғожинның қосымша интернат салсақ деген ұсынысы себеп болған еді.

50 балаға арналған сауықтыру кешені қыркүйек айында пайдалануға берілетін көрінеді.

Аймақ басшысы сонымен қатар аталмыш ауылда салынып жатқан демалыс базасын, жаңа Хайрузовка ауылында тартылып жатқан ауыз су құбырын, аудандық шығармашылық үйі және достық үйінің тыныс-тіршілігімен танысты.

comments powered by HyperComments