Домой Новости Білім министрлігі бірқатар жоғарғы оқу орындарын лицензиясынан айырмақ

Білім министрлігі бірқатар жоғарғы оқу орындарын лицензиясынан айырмақ

Министрлік жоғарғы оқу орындарындағы тексерісін тек қана білім сапалығына ғана бағытталмайтынын айтты. Енді университет түлектерінің жұмыспен қамтылуына анализ жасалынып, нәтиже көрсеткіштері бағаланбақ деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bilim-all.kz и lenta.inform.kz

Фото: bilim-all.kz и lenta.inform.kz

Ерлан Сағадиев ұстаздардың дәстүрлі тамыздық конференциясында алдағы уақытта енгізілетін бірқатар жаңашылдықтар жайлы айтып өтті.

Министрдің ойынша, университет түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші жоғарғы оқу орнындағы білім берудің деңгейін көрсетпек.

Егер көрсеткіштер тым төмен болса, онда білім ордасы лицензиясынан айырылатын болады.

Бұл анализдің басты мақсаты — жұмыспен қамтылуы тым төмен университеттерге басқа мамандықтарды енгізу арқылы ол көрсеткішті көтеру.

Биыл шамамен 17 жоғарғы оқу орны лицензиясынан айырылып, сұранысқа ие болмаған жүздеген мамандықтар қысқартылды.

Келер жылдан бастап бұл жүйе колледждерге де енгізілу көзделіп отыр.

Білім беру саласындағы тағы да бір елеулі бағыт ретінде дуальді оқу болып табылады. Оның басты мақсаты студентке теориядан бөлек, кәсіби тәжірибе ұсыну.

Бұл арқылы түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткішін едәуір үлкейтуге болады дейді министр.

comments powered by HyperComments