Домой Новости Азия ойындарында алтын алған спортшы жеңісін Денис Теннің рухына арнады

Азия ойындарында алтын алған спортшы жеңісін Денис Теннің рухына арнады

Шпагашы Дмитрий Алексанин Қазақстанға Азия ойындарындағы тұңғыш медальді сыйлап, жанкүйерлерді алтын жүлдемен қуантты деп хабарлайды olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дмитрий Алексанин. Фото: olympic.kz

Дмитрий Алексанин. Фото: olympic.kz

Ақтық сында Олимпиада чемпионынан шеберлігін асырған спортшы өз қуанышымен бөлісті.

«Қазіргі қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осы жеңіске жету үшін бар күшін салған бапкерлеріме де алғысым шексіз. Шыны керек,  екі кореялық спортшымен жолым түйісетінін білдім. Сондықтан оларға қарсы дайындала бастадым. Әрине, финалдық сын оңай болған жоқ. Бірақ қарсыласымның осал тұстарын пайдалана білдім. Соңғы бір жыл бойы Азия ойындарына дайындалған едім, еңбегім зая кетпеді», — дейді Алексанин.

Шпагашы өз жеңісін Денис Теннің рухына арнайтынын да жеткізді.

«Жеңісімді сөз жоқ, Қазақстан халқына және жақында ғана қайғылы қазаға ұшыраған Денис Теннің рухына арнаймын. Бұл мен үшін орны толмас қаза… Ал бүгінгі жеңіс жанкүйерлер мен жастардың біздің спортқа деген қызығушылығын арттырады деп сенемін. Алға, Қазақстан!», — деді Азия ойындарының чемпионы атанған Дмитрий Алексанин.

comments powered by HyperComments