Домой Новости Қазақстандық миллионер Абрамовичтің кен орнын сатып алды

Қазақстандық миллионер Абрамовичтің кен орнын сатып алды

Владимир Ким басшылық ететін KAZ Minerals тобы Баимская мыс жобасын 900 млн долларға сатып алғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы компанияның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: KAZ Minerals

Көрнекі фото: KAZ Minerals

Аталған соманың 675 миллионы ақшалай және акция түрінде бірден төленсе, қалған сома кейінге қалдырылған ақы болады.

Оның ішінде 436 млн долларды ақшалай күйде, ал 239 млн доллары KAZ Minerals тобының жаңа акциялары күйінде беріледі. Ал кейінге қалдырылған ақыны 2029 жылдың 31 наурызынан бастап бермек.

Хабарламада Баимская – ауқымды мыс өндірісін құру әлеуеті бар әлемдегі игерілмеген ірі мыс алаңдарының бірі екені сөз етілген.

Айта кетсек, қазақстандық компания Ресейдің Чукоткасында орналасқан аталмыш кен орнын сатып алуға ниетті екені ағымдағы жылдың ақпанында белгілі болған. Аталмыш кен орныРоман Абрамовичтің компаниясына тиесілі.

comments powered by HyperComments