Домой Новости Ауыр дертке шалдыққан алматылық ару тірідей шіріп жатыр

Ауыр дертке шалдыққан алматылық ару тірідей шіріп жатыр

Алматы тұрғыны аса ауыр дертін емдеу үшін көпшіліктен қаржылай көмек сұрауда. Жүйелі қызыл жегінің салдарынан бойжеткеннің аяқтары шіріп жатыр деп жазады NUR.KZ.

Фото: Facebook

Жанна Базарова жүйелі қызыл жегі синдромына шалдыққандықтан тірідей шіріп жатыр. Бойжеткеннің еміне қыруар қаржыны жинауға оның достары белсенді түрде атсалысуда.

Олар барша жанашыр адамдарды ауадай қажетті отаны жасату үшін жетіспейтін қаржыны жинауда көмек қолдарын созуды сұрап отыр.

Достары Жаннаның саусақтарын уақытылы алып тастамаса, зақымдану жоғары кетіп қалуы мүмкін екенін айтты. Сол себепті шұғыл түрде ота жасату керек. Бүгінде 1 359 309 теңге жиналды, әлі де 1 110 691 теңге жетпей тұр.

Фото: Facebook

«Фейсбук, мен саған сенемін. Біз адамдарды жаман жағдайда тастамаймыз. Жанна 37 жаста, үш қызы бар. Ол үш жыл бойы ауыр дертпен күресіп келеді», — деп жазды Жаннаның құрбысы.

Айта кетейік, Facebook қолданушылары ауыр дертке шалдыққан қызға белсенді түрде көмектесіп, бар қаржысын арнайы есепшотқа аударып жатыр.

Kaspi Gold MasterCard есепшоттары:

5169 4931 6190 1973

ИИН 801215400634

БанкЦентрКредит:

KZ 698 560 000 004 649 222

Visa 4899 9328 4458 9457

Базарова Жанна Кокенаевна

87011117682 (QIWI әмиян)

comments powered by HyperComments