Домой Новости Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік, орталық және шығысында жаңбыр жауып, жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлайды Қазгидомет.

Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Солтүстік Қазақстан облысында жел тұрып, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, бұршақ түсуі мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Қостанай, түнде Алматы облыстарының  кей жерлерінде найзағай, Қостанай облысында желдің күші 15-20 м/с.

Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде жел 15-23 м/с күшейіп, шаңды дауылға ұласады. Жамбыл облысында кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

comments powered by HyperComments