Домой Новости Ауа райы: Қазақстанның үш облысында дауыл күтілуде

Ауа райы: Қазақстанның үш облысында дауыл күтілуде

Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында дауыл соғуы мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ysia.ru

Фото: ysia.ru

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райына Түрікменстан аймағынан келетін жылы циклон әсерін тигізетін болады. Күн күркіреп, екпінді желмен жылы жаңбыр күтіледі.

18 тамыз күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысында 18 тамыз күні күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдап, жел солтүстік-шығыстан 18 м/с жылдамдықпен соғады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнауы мүмкін, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.

18 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің жымлдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, түнде кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Оралда 18 тамызда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетуі ықтимал, түнде найзағай ойнайды.

comments powered by HyperComments