Домой Новости Атышулы президент шенеуніктердің қымбат көліктерін бір-ақ сәтте талқандап тастады

Атышулы президент шенеуніктердің қымбат көліктерін бір-ақ сәтте талқандап тастады

Филиппин прещзиденті Родриго Роа Дутерте елдегі қымбат көліктер мен мотоциклдерді талқандауға пәрмен берді. Президенттің бұйрығынан кейін қыруар ақша тұратын көліктердің үстінене алып техника жүріп өткен деп хабарлайды Вести.ru порталына сілтеме жасған NUR.KZ.

Дүйсенбіде арнайы техника 76 қымбат көліктің үстінен басып өтіп, оларды жарамсыз етіп тастады. Бұл сәтті жергілікті тұрғындар ғана емес мемлекет басшысының өзі де бақылап тұрған.

Айта кетейік, қымбат көліктердің қатарында екінің бірі қолы жете бермейтін Lamborghini, Porsche, Mercedes, мотоциклдерден — Harley Davidson сынды темір тұлпарларп бар.

Талқандалған көліктердің жалпы құны 6,5 миллион долларды құрап отыр.

Құрдымға кеткен көліктер контрабандашылар мен шенеуніктерге тиесілі болған.

comments powered by HyperComments