Домой Новости Атырау облысында 500 мың теңге пара алған шенеунік жеті жылға сотталып кетті

Атырау облысында 500 мың теңге пара алған шенеунік жеті жылға сотталып кетті

Атырау облысында 500 мың теңге пара алған шенеунік жеті жылға сотталып кетті. Бұл туралы azh.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мақат ауданында қаңтар айында ұсталған әкім орынбасары Жақсылық Мүсепов пен аудандық құрылыс бөлімі бастығы Құралбек Адамбаевқа қатысты үкім шықты.

Оларға 500 мың теңге пара алды деген айып тағылған болатын.

Сот нәтижесі бойында кінәлі деп танылған әкім орынбасары жеті жылға бас бостандығынан айырылса, құрылыс бөлімінің бастығы 35 миллион теңге айыппұл төлейтін болды.

Әкім орынбасары үкімге қарсы аппеляциялық шағым түсіргенімен, ол өзгеріссіз қалды.

comments powered by HyperComments