Домой Новости Астанада кітапхана алдындағы ондаған орындық жұртты таңырқатты (фото)

Астанада кітапхана алдындағы ондаған орындық жұртты таңырқатты (фото)

Астанада Ұлттық кітапхана алдына орнатылған ондаған орындық көпшілікті таң қалдырды. Қала тұрғындары осыншама орындықты не себепті ғимарат алдына қойғанын білмей дал болып оты деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.K

Астанада кешелі бері Ұлттық кітапхана алдында тұрған ондаған орындық жұрттың қызу талқысына түсіп жатыр.Қала халқы аталмыш орындықтарды не себепті қаздай тізіп қойғанын білмейді. Бәлкім, осы «ойларымен» адамдардың кітапқа деген қызығушылығын аз да болса арттыруды көздеп отырған шығар дейді қала тұрғындары.

«Бізде Астанада арт-нысандардың түр-түрімен көресіз. Темір трон дей ме, одан қалса орыстың біз білмейтін мульт кейіпркерлерін қойып қойған. Енді міне тағы орындықтарды қаздай тізіп қойыпты. Осындайда, не күлеріңді, не жыларыңды білмейді екенсің. Сонда кітапханадағылар мұнымен не айтқысы келіп отыр? «Кітапханаға келіңдер, орындыққа отырып, кітап оқыңдар» дегенді меңзей ме? Қызық енді… Тым құрыса халыққа түсіндірсе екен, мәселен, осы мақсатта қойылды немесе біраз уақыттан кейін алынады десе бір сәрі. Еріккеннің ермегі ғой қысқаша айтқанда. Жұрттың осыдан басқа айналасатын түгі қалмаған-ау шамасы», — дейді қала тұрғындарының бірі.

Сонымен бірге, астаналықтардың арасында қала билігі мұндай «саны көп, сапасы жоқ арт-нысандарды қоя бергенше, қаладағы арық мәселесін шешсін» деген тілектерін айтушылар да болды.

«Астанада тағы да үш күн жаңбыр жауады деді. Орындықтар су астында қалады, обал ғой. Мына сол жағалаудың бәрі су астында қалмаса игі. Осындай болмайтын дүниелерді тізе бергенше, арық мәселесін шешпей ме? Халықтан кешірім сұрапты. Одан не пайда? Толассыз жаңбыр жауған сайын, осылай су кешіп жүреміз. Бюджеттің қыруар қаржысын желге ұшыра бермей, осындай түйткілді мәселелерді шешсін. Осы БАҚ арқылы билікке жеткізбесек, біздің тілегімізді ешкім естімейтін болды», — дейді қала тұрғыны.

comments powered by HyperComments