Домой Новости Алматыда өз баласын таспен ұрды деген күдіктінің жақындары шу шығарды (видео)

Алматыда өз баласын таспен ұрды деген күдіктінің жақындары шу шығарды (видео)

Алматы полициясы «көлік қаққан» төрт жасар Мұхамед Аскароглының ісі бойынша оның әкесін күдікті деп тапқан болатын. Тергеушілер ер адам өз баласын таспен ұрғанының барлық дәлелі барын алға тартуда. Дегенмен бұл жайтқа қатысты күдіктінің жақындары келіспей, шу шығарды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Мұрат. Видеодан скриншот

Мұрат. Видеодан скриншот

Видеода түн ортасында тәртіп сақшыларының көлік қозғалысына бір топ адам кедергі келтіріп жатқаны байқалады. Оқиға куәгері бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

«Оны (күдіктіні — редакция ескертпесі) түннің бір уағында тергеу іс-шараларына алып келген. Сол сәтте оның барлық достары, әріптестері мен көршілері жиналып, күдікті отырған көлікті қоршауға алды. Олар тәртіп сақшыларынан бәрі жалған екенін айтып, күдіктіні босатуды талап еткен», — дейді дереккөз.

comments powered by HyperComments