Домой Новости Алматыда «Қалқаман» метро станциясы салынады: 152 ғимарат сүріледі

Алматыда «Қалқаман» метро станциясы салынады: 152 ғимарат сүріледі

«Метрополитен» РМК өкілі жаңа метро станциясын салу үшін алматылықтардың жер телімдеріндегі ғимараттарды сүру керектігін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыдағы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте жаңа метро станциясының құрылыс барысы жайлы айтылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жайлау» ықшамауданының тұрғындарынан хат келген, олар «Қалқаман» метро станциясының құрылысына наразылығын білдірген, себебі жер телімдері сүрілуі керек болған. «Жайлау» ықшамауданындағы 15 жер телімінде ғимараттар сүрілуі керек. Оның себебі метрополитен желілері Абай даңғылының астымен жүруінде, техникалық негіздемесі — шеттен 40 метр орын бос болуы тиіс. Тұрғындар жазбаша наразылық білдірді. Қазіргі уақытта мәселе шешіліп жатыр. Жер қатынастары басқармасы жер телімдерін сатып алып жатыр», — деп хабарлады «Метрополитен» РМК толық құрылыс қызметінің техникалық бөлім директоры Мақсат Сейітқұлов. Оның айтуынша, «Қалқаман» станциясының құрылысы аясында 152 жер телімінде үйлер сүрілуі тиіс. Бұл станцияны салуға жоба бойынша 47 миллиард теңге қарастырылған.

comments powered by HyperComments