Домой Новости Алматы облысында мұғалімдер мәжбүрлі түрде мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Алматы облысында мұғалімдер мәжбүрлі түрде мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Алматы облысында мұғалімдер мектептегі жөндеу жұмыстарын өздері жасауға мәжбүр екендерін айтып шағымдануда. Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда, білім ордаларындағы жұмыс әлі де бітпеген деп жазады «Время» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Төле би ауылында ұстаздар мен жергілікті билік арасында жанжал туындап отыр.

Мұғалімдер мектептегі жөндеу жұмыстарын өздері жасауға мәжбүр екендерін айтып шағымданып жатқанда, жергілікті билік бар жағдайды біліп көз жұма қарауда.

Ақмарал Беделханова атты Facebook қолданушысы өзінің парақшасына жөндеу жұмыстарына мектеп қызметкерлерінен бөлек, жоғарғы сынып оқушылары да жұмылдырылғанын хабарлады.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Жаңа оқу жылына дайындалғанның орнына мұғалімдер кабинеттерді бояп және ақтауға мәжбүр болған.

Бұл оқиға жайлы Іле ауданы әкімшілігінің қызметкерлері хабардар. Алайда, олар жағдайды шешудің жолдарын мүлде қарастырып жатқан жоқ.

Мұғалімдерді аяқсыз қалған құрылыс жұмыстары алаңдатуда. Құрылысшылардың өздері мектептен баяғыда кетіп қалған. Сол себепті, ұстаздар аяқталмаған шаруаны да өздеріне іліп қоюы мүмкін екенін айтты.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

«Мектеп ауласын көгадандыруға бес миллион қаржы бөлінген. Алайда, далада ағаш атаулысы да жоқ. Мұғалімдерді оның барлығын өз ақшасына сатып алуға мәжбүрлейді», — деп айтты оқырман.

Ақмарал Беделханованың жазбасынан кейін Іле ауданының әкімі аяқталмай жатқан жөндеу жұмыстарына басқа мектеп ұстаздары мен түрлі мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін жұмылдырды.

Бір күннің ішінде олар мектеп пен ауланы толығымен қоқыстан тазартып, қақпа орнатып және жиһаздарды жайғастырып үлгерді. Енді білім ордасын 1 қыркүйекке дайын болып шықты.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Сонымен қатар, ұқсас жағдайлар Талдықорғанның бірнеше мектептерінде орын алуда.

Құрылысшылар жөндеу жұмыстарын мерзімге сай аяқтай алмай жатқандықтан, оларға көмектесуге мектеп мұғалімдері аттандырылған.

Материалды басып-көшіру Время газетінің рұқсатымен ғана іске асырылады.

comments powered by HyperComments