Домой Новости Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн суытады

«Қазгидромет» Қазақстан бойынша алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Күннің суытуы. Көрнекі фото: nashkiev.ua

Елімізге Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа түсетін болады. Республиканың солтүстік бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады және екпінді жел күтіледі.

Күндізгі уақытта бұршақ түсуі мүмкін. Түнде температура 7-15 дейін, күндіз 18-25 градусқа дейін жыли түседі деп күтіледі.

Еліміздің қалған аймағында ауа температурасы бұрынғыдай климаттық нормаға жуық болады. 17-18 тамызда елдің оңтүстік-шығыс және шығысында, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр өтеді.

comments powered by HyperComments