Домой Новости Айқын мен Жұлдыз Өмірғали алғаш рет елден жасырған ұлын көрсетті (фото)

Айқын мен Жұлдыз Өмірғали алғаш рет елден жасырған ұлын көрсетті (фото)

Қарым-қатынасын елден жасырып жүрген Айқын мен Жұлдыз Өмірғали алғаш рет ұлын көрсетті. Қос жұлдыз ұлының бірге толғанын айтып, желіде жазба жариялады деп жазады NUR.KZ.

«Бүгін менің кенжем Санкобайдың (Санжар) туған күні! Бақыттан басым айналып, шалқып жатқан жайым бар. Аңсар, Асылым, Санжар, үшеуің де менің байлығымсыңдар. Екі ұлым — қанатым, тәтті қызым — жәннатым! Тіл-көзден аман болыңдар. Нұртан Санжар деген жігіт осы, таныс болыңыздар!», — деп жазды ол.

Оның екінші жұбайы, «Кешью» тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали да ұлының атаулы мерекесінде үнсіз қалмады. Ол қуанышын елмен бөлісіп, көптен бері жасырып жүрген құпиясы туралы жайып салды.

«Жүрегім! Маxаббатым! Сәнім! Кішкентай ғана менің балапаным! Бір жасың құтты болсын! Өмір жасын ұзақ болсын! Анаң саған әрқашан жақсылық тілейді! Мен сені қатты жақсы көрем. «Айтам» деп жүрген жаңалығым осы, құрметті xалқым, балам осы. Сіздерден ештеңе жасыра алмайсың. Жаман пікір жазбайсыз деген үміттемін», — деп жазды әнші.

comments powered by HyperComments