Домой Новости Ақтөбеде «шахид боламыз» деп елді дүрліктірген егіз жігіттің бірі ұсталды

Ақтөбеде «шахид боламыз» деп елді дүрліктірген егіз жігіттің бірі ұсталды

Ақтөбеде тәртіп сақшыларына жұдырық ала жүгірген егіз жігіт жат ағымның жетегінде кеткендер болып шықты. Олар теракт туралы жалған ақпарат таратқан соң, «шахид» болатындарын айтып, жұртты шошытқан деп хабарлайды КТК арнасынасілтеме жасаған NUR.KZ.

егіз жігіт

Есірткіге елірген салафиттер полицияға қоңырау шалып, жарылыс туралы айтады. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар сақалды нашақорлардың сандырағы екенін біледі.

Жартылай жалаңаштанып, тәлтіректеп әрең тұрған екеуі салафизм бағытын ұстанады екен. Есірткіге масайған оларды теракт туралы жалған хабар бергені үшін әкімшілік жазаға тартпақ болады.

Абақтыға апарар жолда ағайынды Кенбаевтардың біреуі қашып кетуге оқталған. Кейін жолын бөгеген екі полиция қызметкеріне тарпа бас салып, төбелеседі.

Енді ол билік өкіліне күш көрсеткені үшін қамауда отыр. Ісі сотта қаралады. Ал сыңарын әкімшілік жазаға тартып, әзірге қолхатпен үйіне жіберген.

comments powered by HyperComments