Домой Новости Шымкенттік тұрғын сейфтегі 2 млн-ға жуық ақшасынан әп-сәтте айырылып қалды

Шымкенттік тұрғын сейфтегі 2 млн-ға жуық ақшасынан әп-сәтте айырылып қалды

Шымкентте әккі ұры жергілікті тұрғынның үйіндегі сейфтен 1 млн 700 мың теңге мен алтынды ұрлап кетті, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ .

Көрнекі фото: Sollys.ru

Шымкент қаласы, Қаратау аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын үйіне ұры түскенін айтып шағым түсірген.

«Тонау операциясы» кезінде бетперде киген белгісіз азамат жәбірленушінің үйіне баса көктеп кіріп, пышақпен қорқытқан. Содан соң сейфтегі 1 млн 700 мың теңге мен алтын сырғаны қолды етіп, қашып кеткен.

Шымкенттік полицейлердің жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде шымкенттік тұрғын ұсталды.

«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық Кодексінің «Қарақшылық» бабымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда», — деді тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Дәулет Өмірбеков.

comments powered by HyperComments