Домой Новости Ақмола облысында әзірбайжандық қылмыс әлемінің серкесі ұсталды (фото)

Ақмола облысында әзірбайжандық қылмыс әлемінің серкесі ұсталды (фото)

Ақмола облысының Шучинск қаласында Әзірбайжанның қылмыс әлемінің серкесі ұсталды. Ол Қазақстанға кәсіппен айналысатын әзірбайжандарды бопсалау үшін келіпті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: IIМ баспасөз қызметі

Фото: IIМ баспасөз қызметі

Шетелдік азаматты ұстау кезінде тапанша мен түрлі оқ-дәрілер, есірткілер тәркіленген.

Садубаевтың айтуынша, әзірбайжандық Қазақстанға Тбилисиден ұшып келген. Ол елде туыстары Грузия мен Әзірбайжанда жүрген әзірбайжандық кәсіпкерлерді бопсалауды мақсат тұтқан.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта ол уақытша изоляторда отыр.

Әзірбайжандықты ұстау операциясы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметінің, сондай-ақ, облыстық Ішкі істер департаментінің қатысуымен жүзеге асқан.

comments powered by HyperComments